AstanaMotorsports экипажы Катардағы раллиде І кезеңді үздік ондыққа таяу аяқтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Astana Motorsports экипажы Катарда өтіп жатқан Sealine Cross Country Rally 2014 ралли-додасының 1 кезеңін 11 орында аяқтады.

Қазақстандық команда үшін бұл нәтижеге қол жеткізудің өзі үлкен жеңіске баланып отыр. Ал, жарыстың алғашқы күніндегі жалпы есепте біздің шабандоздар 12 орынға табан тіреді. Команда өкілдері мәреге ешбір ақаусыз, дін аман жеткендеріне дән риза.

«Дода біз үшін оңай болмады. Техникалық қиындықтар да кездесті. Жолда көптеген белгілер жойылып кеткендіктен, адасып кете жаздадық. Бірақ, жалпы алғандағы жетістігімізге көңілім толады. Қалғаны келесі кезеңдерде белгілі бола жатады», - деді экипаж жүргізушісі Денис Березовский.

Отандық команда жарыстың ұзақтығы 400 км құрайтын келесі кезеңіне дайындық үстінде.

Соңғы жаңалықтар