Астаналықтарға ұсыныс-шағым білдіруге бір апта берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» концерт залында (Конгресс-Холл) 15 ақпанда өтуі тиіс азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылмайтын болды. Мұның орнына, тұрғындар мен көпбалалы аналарға өзі тұратын аудан әкімдіктеріне жүгінуге бір апта беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімдігінен мәлім еткендей, аудан әкімдіктері 13-22 ақпан аралығында қабылдау өткізетін болады.

«Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің көптігін ескере келе, қала басшылығы 15 ақпанға белгіленген азаматтарды қабылдау шарасынының орнына 7 күнге созылатын «ашық есік апталығын» өткізуді ұйғарды. Халыққа қолайлы болуы үшін азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде құзыретті мемлекеттік органдардың (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық денсаулық сақтау, білім және басқа да басқармалар) қатысуымен өтетін болады. Көпбалалы аналардың 6 ақпанда берген арыздарының барлығы жүйелендіріліп, талдаудан өткізілді. Қазіргі таңда аталмыш өтініштер бойынша ұсыныстар ҚР Үкіметінің жанынан құрылған азаматтардың кірісі мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды күшейтумен айналысатын жұмыс тобының қарауында. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қатысты мәселелер жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жолданған өтініштер бойынша кешенді шаралар екі айдың көлемінде қолға алынатын болады деп күтілуде», - делінген әкімдік ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар