Астаналықтарға кеміргіштер мен масаны жою үшін келісімшарт жасасу қажет

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың ақпан айының басында кәсіпорындар мен көпқабатты үйлерде кеміргіштер мен масаға, басқа да зиянды жәндіктерге қарсы залалсыздану (дезинфекция), улау іс-шараларын өткізу үшін келісімшартқа отыру мәселесі талқыланды,

деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің қала тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, бүгінгі күні Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандары бойынша 1936 үйдің 752-сі заласыздандыруға, 789-ы дератизацияға келісімшарт жасасты.

ҚР ДС Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қалалық департаменті атап көрсеткеніндей, кеміргіштер мен масаның көпқабатты тұрғын үйлерде барлығы туралы тұрғындардан бірде-бір шағым түсе қоймаған. Дегенмен, көктем шыға жағдай өзгеруі мүмкін. Сондықтан пәтер иелері мен мүдделі адамдар 2013 жылдың бірінші наурызына дейін арнайы мамандандырылған мекемелермен келісімшартқа отырулары қажет.

Айту керек, бүгінгі күні қаланың үш ауданындағы 67 үйдің жертөлесінде кеміргіштерді жою жөнінде іс-шаралар өткізілді. Бұл жұмыс қазір одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар