Астаналықтарға қалдықтарды бірнеше түрге бөліп реттеудің қажеттігі жоқ- әкім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындарына қалдықтарды түріне қарай бөліп реттеудің қажеттігі жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропаның көптеген елдері қалдықтарды түрлерге бөліп реттеуден бас тартуда, себебі ол өте тиімсіз. Яғни қалдықтың төрт түрі бойынша жеке-жеке қалдық контейнерлеріне бөліп тастау қиын және ыңғайсыз. Осыған байланысты біз қазір қалдықты екі топқа бөлмекпіз. Құрғақ қалдықтар және ылғалды қалдықтар. Құрғақ қалдықтардың қатарына қайта өңдеуге болатын - киім-кешек, қағаз, металл, ағаш және пластик бұйымдары жатады. Ал ылғалды қалдықтардың қатарына тағам өнімдері жатқызуға жатады», - деді Астана әкімі.

Қала басшысының сөзінше, осы кезде қала бойынша қалдық салатын контейнерлерді орналастыру жоспарланып отыр. Ол контейнерлер жағымсыз иісті болдырмайды, себебі қалдық көліктері күніне бір рет емес үш рет келетін болады.

«Ендігі мақсат қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Яғни сары түсті контейнерлер құрғақ қалдықтарға, жасыл түсті контейнерлер ылғалды қалдықтарға арналады. Мұндай шараның қаланың таза болуына ықпал етері сөзсіз. Келесі жылы қалдықты жинау мен қайта өңдеуде еуропалық деңгейдегідей жүйе болатынын айтқымыз келеді. Қалдықтың 75% қайта өңделуі бұл жақсы көрсеткіш», - деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, Астанада инвесторлар «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде көрсетілген қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салады. Зауытта ылғал қалдықтан биогаз бен тыңайтқыштар өндіріледі. Бүгінде Астанада қағаз және пластик қалдықтарын қайта өңдеу цехы жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, қала әкімдігі қалдықтарды белгіленген орынға тастамағандарға қатысты жауапкершілікті күшейту туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды.

«Себебі кейбір жауапсыз кәсіпкерлер қалдықтарды тиісті жерге апармайды. Адамдар түнде қала сыртына шығады да тастай салады», - деді қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада қалдықтарды бөліп реттеп тастау пилотты жобасы 2015 жылы қолға алынған болатын. Ол үшін арнайы контейнерлер орнатылып, көк - қағаз, сары- пластик, жасыл-аралас қалдықтар болып бөлінген болатын.

Соңғы жаңалықтар