Астаналықтардың назарына 100 жылдық тарихы бар қойылым ұсынылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Раушан гүлі мен көбелектің романы» спектаклінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Раушан гүлі мен көбелектің романы» балеті ХХ ғасырдың басында (1904 жылы) Петроградта жазылған. 100 жылдан астам тарихы бр. Қойылымның авторы италяндық композитор Рикардо Дриго, ол біраз уақыт Ресейде тұрған. Кейін композитор отанына оралған. Сол уақыттан бері балет еш жерде қойылмаған. Ерекше тоқталып өтетін жайт, бұл қойылымның түпнұсқасы Ресейдің театр архивінде жатыр. Өкінішке қарай, оны ешкімге бермей отыр. Біз өз кезегімізде бұл қойылымды жаңалап, өз нұсқасымызды жазып шықтық. Қойылымның сюжеті раушан гүлі мен көбелектің арасында өрбиді. Және спектакль балалар мен жасөспірімдерге арналған», - деді аталған туындының түпнұсқалық партитурасын қалпына келтірген композитор Дәулет Шәкіров.

«Астана Балет» театры аталған қойылымға жарты жылдан аса уақыт дайындалып жатыр. Және бүгін соңғы дайындық шарасы өтті.

«Алдымен мені арнайы шақырған театр басшылығына алғысымды білдіремін. Қойылымның әртістері негізінен балалар мен жасөспірімдер. Олармен жұмыс істеу қызықты, бір жағынан оңай емес. Қойылымға 130-дай жас әртіс қатысады. Жас ерекшеліктері әртүрлі және әр баланың өз рөлі бар. Спектакль мен оның авторына келсек, италян Рикардо Дриго біраз уақыт Ресейде тұрып, кейін туған жеріне оралған. Біздің қолымызда қойылымның толық нұсқасы жоқ, үзінді ғана бар, оны Италиядан алдырдық. Қойылымнан бөлек оны сахналау киіміне де ерекше мән бердік. Сахналық киімдердің барлығы арнайы эскизбен жасалды», - дейді ресейлік қоюшы-хореограф Василий Медведев.

«Раушан гүлі мен көбелектің романы» Temps lié II халықаралық фестивалі аясында сахналанғалы отыр. Қойылымның премьерасы 15 қараша күні «Астана Балет» театрында өтеді.

«Біздің академия әлі жас, бар болғаны 5 жыл ғана болды ашылғанымызға. Дегенмен аз уақыт ішінде репертуарымыздың қатары толығып жатыр. Біздің қорда отандық және әлемдік қойылымдар бар. Осы орайда өзіміздің авторлық туындының болғанын қаладық. Ұзақ ойландық, жаңа бір қойылым болғанын қаладық. Нәтижесінде балаларға арналған «Раушан гүлі мен көбелектің романын» жандандыру идеясына тоқталдық. Қойылым көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамыз», - деді хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова.



Соңғы жаңалықтар