Астаналықтардың 80 пайыздан астамы санақтан өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда жұртының 80 пайыздан астамы халық санағынан өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 1 қазаннан бастап еліміздің барлық аумағында халық санағының екінші кезеңі басталды. Бүгінде 14 миллионнан астам қазақстандық санақтан онлайн немесе офлайн форматта өтті. Елордаға келсек, халық санағы жоғары қарқынмен жүруде. Көпшілік жұмыста болғандықтан санақтан онлайн өтіп жатыр. Онлайн формат халық үшін ыңғайлы, санақ жүргізу үшін тиімді болып отыр», - деді Малика Бектұрова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ әкім орынбасары елордалықтарды санаққа белсенді қатысуға шақырды.

«Қазіргі уақытта елорда халқының 80 пайыздан астамы санақтан өтті. Бұл айтарлықтай көрсеткіш, тұрғындардың белсенділігі үшін қуаныштымыз. Халық санағы 30 қазанға дейін жалғасады, осы орайда санақтан өтпеген азаматтарды белсенді болуға шақырамыз. Бұл процесс ел экономикасын одан әрі дамыту стратегиясы үшін маңызды. Бұл – біздің азаматтық парызымыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар