Астаналықтардың 72 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда жұртының 72 пайызы КВИ-ге қарсы екпе салдырды. Және медицина мамандары астаналықтардан үйде өздігінен емделуге болмайтынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, үйде, өздігінен емделуге кеңес бермейміз. Себебі дұрыс емделмеудің арты аурудың асқынуына алып келуі мүмкін. Сондықтан пациент алдымен оқшауланғаны жөн, сосын жедел жәрдем немесе мобильді бригаданы шақырғаны абзал. Содан соң мамандар тиісті тексеру жүргізіп, қажет жағдайда ПТР тестін алады. Және тексеру нәтижесіне сай емдеу әдіс-тәсілін ұсынады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова әкімдікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, бүгінде елордада 448 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды.

«Біз астаналықтардың вакцина алу жағдайына талдау жасадық. Оған сәйкес 27 мыңға жуық елорда тұрғыны вакцинаны басқа өңірден алған. Бастысы олар ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына үлесін қосып жатыр. Біздегі деректерге сәйкес, астаналықтардың 72 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алған», - дейді ол.

Бұған дейін басқарма басшысының орынбасары коронавирус жүкті әйелдер мен балалар арасында жиілей түскенін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар