Астаналықтарды 150 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың 29 тұрғынын шамамен 150 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтың торына түскен 29 адам Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жүгінді. 34 жастағы астаналық қала тұрғындарына автокөлік, ипотека, қолма-қол несие және инвестиция бойынша көптеген «қызмет түрлерін» ұсынған. Алданғандар оған 1-22 млн теңгеге дейін ақша берген.

Полицияға хабарласқандардың бірі күйеуінің досына сеніп, оған 1 млн 237 мың теңге бергенін айтады. Ол көлікті несиеге алуға көмектесуге уәде берген. Автонесие алуға қаражаты жетпеген әйелге, микроқаржы ұйымынан тауарлық және ақшалай кредит алуды ұсынған. Сөйтіп, әйел бес микроқаржы ұйымынан қарық ақша және тауарлық несие алған. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, дабыл қаққан.

ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, күмәнді операциялардан бас тартуды ескертеді.


Соңғы жаңалықтар