Астаналықтар жұмысты мобильдік қосымша арқылы таба алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді астаналықтар Smart Astana мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды онлайн көріп, оларды таңдай алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Smart Astana тегін мобильдік қосымшасы онлайн режимде бір мезетте бірнеше операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, онда ұсынылған 10 айдарда қызметтің 70-тен астам түрі қолжетімді. Бұдан былай аталмыш қосымша арқылы елордадағы бос жұмыс орындарын табуға болады. Бағдарлама enbek.kz электронды порталымен байланыста қызмет атқарады.  Өзекті деген бос жұмыс орындары мұнда да күнделікті жаңартылып тұрады. 

Айта кетейік, Smart Astana қосымшасын Apple Store және Play Market-те жүктеп алуға болады. Осы уақытқа дейін қосымшаны 120 мың адам жүктеген.

 

Соңғы жаңалықтар