Астаналықтар «Жер уақыты» экологиялық акциясына атсалысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат-Астана нысандары сыртқа жарық шамдарын 1 сағатқа сөндірді. Осылайша, елорда жаһандық «Жер уақыты» экологиялық акциясына өзінің үлесін қосып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бір мезетте бас қаладағы «Астана опера» ұлттық опера жəне балет театры, «Астана Бәйтерек» монументі, «Мəңгілік Ел» триумфальды аркасы, Тəуелсіздік сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Астана арена» стадионы тəрізді ғимараттар мен ескерткіштер сыртқы жарық шамдарын өшірді.

Эстафета жаңадан ашылған «MEGA SilkWay» сауда ойын-сауық орталығына тапсырылды. Осында «Жер уақыты» акциясына арналған салтанатты шара бағдарламасының ашылуы өтті. Аталмыш шара аясында бүкіл əлем жəне Қазақстанда қолға алынған (WWF) Жабайы табиғат дүниежүзілік қоғамының экологиялық бастамасының тұсау кесуі өтті. Биылғы жылы «Жер уақыты-2017» акциясының Астанадағы ұйымдастырушысы қала əкімдігі, G-Global халықаралық хатшылығы, Жер қоры, «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы жəне Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы болды.

Акцияға қала əкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мəжілісінің 5-6 шақырылымындағы депутаты Айгүл Соловьева, ақын, жазушы, қоғам жəне саяси қайраткер, «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов, ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушысы Василий Жиров қатысты.

Ұйымдастырушылар тарапынан концерттік бағдарламалар ұсынылып, еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, «Жер уақыты» бұл WWF бастамасымен қолға алынатын ғаламшардағы бұқаралық сипаттағы экологиялық акция. Оған əлемнің 175 еліндегі 7000 қала мен олардың 2 миллиардтан астам тұрғыны қатысады. Акция барысында əлемнің əр түкпірінде бір уақытта жарық өшіріледі. Биыл бұл акция оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстанда 25 наурыз күні кешкі сағат 20:30 басталды.

Соңғы жаңалықтар