Астаналықтар жалпықалалық сенбілікке шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік тазалық және Ағаш отырғызу күніне орай сенбі, 21 қыркүйек күні елордада жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сенбілікке кәсіпорындар, жоғары және ортакәсіптік оқу мекемелері, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ордалары, денсаулық сақтау және мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар қатысады деп жоспарланған.

Акцияға қатысушылар қоқысты жинауға арналған (күрек, тырнауыш) жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, осы күні елордамыз «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады. Оған әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн ерікті қатысады. «Акцияның ерекшелігі жиналған барлық қалдықтар (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыпталып, одан әрі қалдықтарды өңдеу зауытына тасымалданады», - деді әкімдіктен.

Айта кетейік, күзгі экологиялық айлық Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйек-13 қазан аралығында өтеді. 12 қазан жалпықалалық Ағаш отырғызу күні болып бекітілді.



Соңғы жаңалықтар