Астаналықтар тұтынылған судың көрсеткіштерін мобильдік қосымшамен жібере алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Астана тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін арнайы AstanaSu қосымшасы жұмыс істейді. Осы қосымша арқылы тұтынылған судың көрсеткішін қажетті орынға жібере беруге болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі Алишер Абдықадыровқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінгі күннен бастап, тұтынылған судың көрсеткішін AstanaSu мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады. Судың көрсеткішін жіберу қазір әлдеқайда оңайлады. Ол үшін ұялы телефонды су есептегішке апарып, судың көрсеткішін түсіріп алып, жіберу керек. Нейрон желісі көрсеткіштің валидаторы сияқты жұмыс істейді. Ол фотодағы цифрларды анықтап, оны «Астана Су арнасы» мекемесінің мәліметтер базасына жібереді»,-деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Бұл ретте ол мобильді қосымшаға жіберілген әрбір көрсеткіш нейрон желісінің жұмысын жетілдіріп, ол уақыт өткен сайын мәліметтерді жылдамырақ анықтайтын болатындығын жеткізді.

«Қосымша арқылы көрсеткіштерді берумен қатар қолдау тобымен байланысқа шығып, судың сапасына да бағалауға болады»,-деп түсіндірді Алишер Абдықадыров.

AstanaSu қосымшасын App Store мен Google Play қосымшасынан көшіріп алуға болады. Тіркеу үшін бірыңғай есеп орталығындағы жеке нөмір пайдаланылады

Соңғы жаңалықтар