+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Астаналықтар сәбилеріне қандай есімдерді жиі қояды

2020 жылғы 11 тамыз 14:45
Бөлісіңіз:
Астаналықтар сәбилеріне қандай есімдерді жиі қояды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары сәбилеріне ең жиі қоятын есімдер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан тағы 212 адам жазылып шықты Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамнан коронавирус анықталды Қазақстанда өткен тәулікте 155 адам коронавирустан жазылды

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, биыл дүниеге келген ұл балаларға ең көп қойылған есім – Рамазан (97). Одан кейінгі орындарда Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) есімдері тұр.

Статистикалық мәліметтер Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайта танымал бола бастағанын көрсетеді. Жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби.

Ал қыз балалар арасында биыл Медина (150) есімі көп берілген. Топ 5-те сондай-ақ, Айлин (149), Аяла (114), Айша (113) және Амина (105) есімдері бар. Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина.

Айта кетейіке, Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың соңғы алты айында 14 123 бала дүниеге келді.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, елордада егіздер мен үшемдер саны артқаны байқалады. Елорда перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы – 77) және үш үшем (былтыр – 1) туған.

Күн сайын елордада 60-110 бала дүниеге келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT