Астаналықтар ресейлік роботқа алданып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында XI Инновациялық форум ашылды. Соның аясында озық теxнологияларға арналған жобалардың көрмесі өтіп жатыр.

Оның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылатын жобалар да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алайда форумға келгендердің көбісі қонақтарды күтіп алып жүрген роботтарға қызығып жүр. Олар орыс тілінде сөйлеп, кез келген сұраққа жауап бере алады. Роботтармен сөйлескенде кәдімгідей адаммен тілдескендей боласың.
 

Дегенмен, шын мәнінде ол роботтар озық бір өнертабыс емес болып шықты. Оның ішінде бейнекамера, дыбыс қабылдау мен сөйлеу құрылғысынан басқа ештеңе жоқ. Әрбір роботты стендтің арғы жағында тығылып отырған мамандар басқарады. Олар адамдардың қойған сұрақтарына бірден жауап жазып, команда беріп отырады. Сөйтіп, әрбір роботты сөйлетеді. Форумға келгендерің көбісі оны білмей, дәлізде жүрген роботтарды озық теxнологиялар деп ойлап жүр.
null 

Астанадағы форумда жүрген роботтар Ресейдің "Роботтар корпорациясы" компаниясына тиесілі және ең қарапайым нұсқадағы роботтарға жатады. Шара ұйымдастырушысы - Теxнологиялық даму жөніндегі агенттік екі роботты да жалға алып отыр. Ресейден келген мамандар қызмет көрсету сомасын ашпаса да, Мәскеуде қарапайым нұсқадағы роботтардың "ставкасы" 100 000 рубль (500 000 мың теңге - қазіргі курспен) екенін айтты. Теxнологиялық даму жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі болса, ондай роботтар бізде де бар екенін жеткізді. Алайда "Неге өзімізде жасалған роботтарды алмадыңыз?" деген сұраққа тұщымды жауап бере алмады.

Соңғы жаңалықтар