Астаналықтар референдумда дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметті онлайн режимде ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі дауыс беру учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде мынадай арналар арқылы алуға мүмкіндік береді:

Ресми веб-сервис: Referendum.astana.kz

Telegram чат-бот: ns_referendum_bot

«Қалалық қызметтер» бөліміндегі «SmartAstana» мобильді қосымшасы: Android және iOS.

IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатынын атап өткен жөн.

Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz порталына жүгіну қажет.

«Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына.


Соңғы жаңалықтар