Астаналықтар «Мен қазақпын» жобасының іріктеу кезеңіне шақырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «MEN QAZAQPYN» халықаралық телевизиялық жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қымбатты ұлттық өнерді ұлықтап жүрген өнерпаздар, сіздерді Астана қаласындағы «MEN QAZAQPYN» мега жобасының іріктеу турына қатысуға шақырамыз. Байқауда 19 бен 40 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер, күйшілер мен термешілер бақ сынай алады», - делінген.

Іріктеу 17 шілде күні 14:00-де ЭКСПО аумағындағы «Номад сити» холында өтеді.

Айта кетейік, республикамыздың және өзге елдердегі қандастарымыздың  дәстүрлі әнші-термеші, күйшілерінің басын қосып, атадан-балаға мирас болып қалған төл өнеріміз күй, жыр-термені насихаттауды көздейтін «Мен қазақпын»  xалықаралық жобасы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.  Бүгінде іріктеу кезеңдері барлық өңірлерде өтуде.

Өткен жылы «Мен қазақпын» мегажобасына 3 мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдірген. Іріктеулер Қытай, Ресей мен Моңғолия жерінде де өтті. Ал Астанадағы турға 57 адам іріктелді. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Үздік әнші» аталымының жеңімпазы Талдықорған қаласының абыройын аспандатқан Бейбіт Мұсаев атанды. «Үздік күйші» аталымында ақтөбелік Ардақ Елеусіз дараланды. «Үздік термеші» аталымын маңғыстаулық Оспан Құлсымақ жеңіп алды. Ал Жамбыл облысының өкілі Сұлужан Әбенова ең көп дауыс жинап, «Көрермен көзайымы» атанды.

Соңғы жаңалықтар