Астаналықтар коронавирус белгілері байқалса қайда хабарласуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус инфекциясы мәселелері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан азаматтарға арналған call-орталық құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқамармасының мәліметінше, қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты медицина қызметіне сұраныс пен түсетін жүктеме артып жатыр.

Айтар болсақ, жедел медициналық жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңнан астам қоңырау түседі.

Ал шақырулар саны шамамен 3 мыңды құрайды, оның ішінде КВИ бойынша тәулігіне 300-ге дейін жетеді.

Осы орайда елорда тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін емханалар жанында Call-орталықтар іске қосылды. Call-орталыққа хабарласу арқылы пациенттер инфекцияның алғашқы белгілері туралы, науқасты тіркеу және басқа қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.

Байланыс телефондары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында көрсетілген.

Және құжатты мына сілтеме арқылы жүктеуге болады.


Соңғы жаңалықтар