Астаналықтар карантин талаптарын қалай бұзады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин талаптарын бұзғандарға 134 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Ықыласова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде карантин шаралары басталғаннан бері ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның бірі - мониторингілік топпен қаладағы нысандарды тексеру. Топ құрамында әкімдіктің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері, полиция қызметкерлері бар. Коронавирус індетінің өршуі мүмкін деген болжамға байланысты мониторингілік топ сағат 15.00 мен 21.00 және 22.00 мен таңғы 04.00 аралығында күнделікті рейдке шығады», - деді ол.


Оның атап өтуінше, осы уақытқа дейін қала аумағындағы нысандарда карантин талаптарын бұзу деректері анықталып отыр. Мәселен полициядан басқарма атына 1160-қа жуық баянат келіп түскен. Соның негізінде заңды, жеке тұлғаларға және лауазымды қызметкерлерге 634 айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 134 млн теңгеден асып жығылады. Бүгінде 535 айыппұл төленді.

«Талап бұзушылыққа келер болсақ, нысанға кіргенде келушілердің де, сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің де дене қызуы өлшенбейді. Әлеуметтік ара қашықтық сақталмайды. Бір адамға 4 шаршы метр жұмыс орны болуы тиістігі туралы талап та орындалмайды. Медициналық маска тағу мәдениеті де төмен. Ғимаратқа кірген адам күзетшінің көзінше маска таққанымен, ғимарат ішінде оны шешіп тастайды. Масканы дұрыс тақпайды. Міне, осындай жайттар қынжылтады», - деді Салтанат Ықыласова.


Соңғы жаңалықтар