Астаналықтар интернет алаяқтық кесірінен 150 млрд теңгесінен айырылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр елордада интернет алаяқтық салдарынан миллиардтаған шығын келген. Толығырақ Астана қалалық полиция департаменті криминалды полиция басқарма басшысынының орынбасары Қайрат Мәдиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша интернет алаяқтық әрекеттерден келген шығын 150 млрд теңгені құрады. Оның 150 млн теңгесі ғана қайтарылды. Ал жыл басталғалы 443 интернет алаяқтық факті тіркелді, салдарынан 250 млн теңге шығын келді», – деді Қайрат Мәдиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, полиция департаменті өкілі алаяқтардың алдау әдістері туралы айтты.

«Олар көбіне өзін банк қызметкерімін деп таныстырады. Одан әрі клиенттің сеніміне кіріп, теріс әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни клиенттің жеке мәліметтерін алуға тырысады. Одан әрі жағдай түсінікті», - дейді ол.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері атын жамылып хабарласатын алаяқтар да бар. Ол бойынша бірнеше факті тіркелген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада бір айдың ішінде 443 интернет алаяқтық фактісі тіркелген.


Соңғы жаңалықтар