Астаналықтар флюорографиялық тексеруден тегін өте алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Туберкулезді бірге жеңеміз!» атты ауқымды акция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Айтулы шара 2019 жылғы 16 наурызда сағат 14:00-де «Евразия 3» (4-қабат) сауда орталығында, Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Туберкулезге скрининг жүргізуді қалайтын азаматтар күні бойы Еуразия - 2 сауда орталығында орнатылған жылжымалы мобильді флюорографияда тексеруден тегін өте алады.

Сондай-ақ, шара барысында Нидерланд Сыртқы істер министрлігінің (DGIS) қолдауымен «AFEW Kazakhstan» қоғамдық қоры, сонымен қатар «Туберкулездің алдын алу және бақылау жөніндегі Корольдік Нидерланды қауымдастығы» (KNCV) және «AFEW Kazakhstan» қоғамдық қоры жүзеге асырған «Фотодауыс» (Фотоголоса) психологиялық жобасы таныстырылмақ.

Одан бөлек, балалар мен ересектер үшін туберкулездің алдын алу тақырыбында тағдыры аталған аурумен байланысты адамдар әңгімесін айтып, сонымен қатар түрлі сауалнама және бәйгелер ұйымдастырылады.

Денсаулық басқармасының дерегіне сүйенсек, соңғы бес жылда республикада туберкулез ауруына шалдығу көрсеткіші 1,3 есе азайды. 2014 жылы елімізде аурудың 11,5 мың жаңа жағдайы анықталса, 2018 жылдың соңына қарай 8,8 мың жағдайға төмендеді. Сондай-ақ, соңғы бес жылда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім 1,5 есе азайды.

Айта кетейік, туберкулез ауруына қарсы күрес акциясын денсаулық сақтау басқармасы Алматы ауданы әкімдігі, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Астана қаласы туберкулезге қарсы диспансерінің қолдауымен өткізгелі отыр.

Соңғы жаңалықтар