Астаналықтар циркте үнді пілдері мен қолтырауындардың өнерін тамашалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 ақпан - 25 наурыз аралығында Астаналық цирк маньежінде белгілі аң үйретуші Андрей Корнилов жетекшілік ететін «Индира» цирк шоуының гастролі өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламада жонглерлер мен аң үйретушілер, эквилибристер мен әуе гимнастшылары, акробаттар мен сайқымазақтар, сондай-ақ 85-тен аса жануар өнер көрсетеді. Оның ішінде түйе, пума, арыстан, ит, лама, питон, қолтырауын, маймыл, жайра және аттар мен үнді пілдері бар.
Бұл жануарлардың әсемдігі тәнті етеді. Ранго, Претти және Марго атты пілдер пирамида құрып, еңбектейді, билейді, шарға тұрады, музыкалық аспаптарда ойнайды, шеңберлер айналдырады. Цирк артистерінің өнері авторлық музыканың және ерекше хореографиялық қойылымдардың сүйемелдеуімен өтеді.

Сюжет бойынша Индира есімді қыз түсінде жабайы табиғат пен экзотикалық жануарлардың ғажап әлеміне түседі. Ол ертегі кейіпкерлерін кездестіріп, қызықты саяхатқа аттанады.

Көрермендер аңызға айналған «Пілдермен жер жүзін айналып шығу саяхаты» аттракционының кейіпкерлері Корниловтар әулетімен танысады. Бұл маньежге бірден үш үнді пілі шығатын әлемдегі жалғыз қойылым.

Айта кетейік, аң үйретуші Андрей мен Анастасия Дементьевтер-Корниловтар Мәскеуде Цирк өнерінің бүкіләлемдік фестивалінде «Алтын сыйлығы», Цветной бульвардағы Никулин циркінің Халықаралық цирк өнері фестивалінде бірінші орын және «Алтын піл» сыйлығын, Ижевскіде (Удмуртия) Халықаралық цирк фестивалінде алтын жүлде, Ресей мемлекеттік цирк компаниясының «Үздік аттракцион-2011» үшін «Шари-вари» сыйлығын, Ресей цирк қайраткерлері одағының «Үздік артист-2012» сыйлығын (Андрей Дементьев-Корнилов) және «Үздік жыл аттракционы-2015» номинациясында «Шебер» сыйлығын, сондай-ақ Цветной бульвардағы Никулин циркінің Халықаралық цирк өнері фестивалінің «Алтын піл» Гран-приін иеленген.

Сенбі күні, 23 ақпанда, сағат 16:00-де «Индира» пілдер циркінің премьерасы басталады.

Өткізу орны: Астана қаласы, «Астаналық цирк» МКҚК, Қабанбай батыр даңғылы 5.

Тіркелу мәселесі бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 24 40 59, + 7 7 702 478 00 38, + 7 705 411 27 15.

Соңғы жаңалықтар