Астаналықтар Бурабайға жаппай ағылып жатыр
Айта кетерлігі, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Бурабай бағытындағы тас жолда көліктердің көп жиналып, кептеліс орын алғандығына шағымданған болатын.
«Нұр-Сұлтан - Щучье» тас жолын дәл мереке күндері неге жауып тастаған? Ешқандай ескерту болмады. Екі сағат бойы қозғалыссыз тұрмыз», - деп шағынданды желі қолданушысы.
Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аталған жолда орын алған жағдайға байланысты жауап беріп, тас жолдың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығын атап өтті.
«Республикалық маңызы бар аталған жол ашық, жүріп өту қамтамасыз етілген. Бұл жолда жоғары қарқындылық байқалады», - деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінен.
Компания мәліметіншке, қазіргі уақытта еліміздегі барлық республикалық маңызы бар жолдар ашық.
«Аталған жолдағы автомобильдердің жиналып қалуы және жоғары қарқындылық тұрғындардың мереке күндері қала сыртына демалуға шығуымен байланысты болып тұр. Барлық жол штаттық режимде жұмыс істеуде», - деді компаниядан.