Астаналықтар Беларусь өнер жұлдыздарының концертін тегін тамашалай алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Беларусь Республикасы өнер жұлдыздарының қатысуымен тегін концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда Беларусь Республикасының мәдениет күндері аясында ертең сағат 15:00-де Ұлттық музейде Беларусь жас суретшілерінің көрмесі ашылады. Көрмеге қазіргі Беларусьті бейнелейтін туындылар қойылады. Сонымен қатар кешкі сағат 19:00-де «Қазақстан» концерт залында эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Концерт үлкен бағдарламадан тұрады, осы орайда қазақстандықтарды ұлттық мәдениетімізбен тәнті ете аламыз деп үміттенемін», - деді Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павел Утюпин.

Айта кетейік, елордада Беларусь Республикасының мәдениет күндері басталды.

Шараның салтанатты ашылуына еліміздің Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов қатысып алғы сөз айтты.

Мәдениет күндері аясында 2-3 қазан күндері елорда жұртшылығы «Керуен» ойын-сауық және сауда орталығындағы кинотеатрдан Беларусь фильмдерін тегін тамашалай алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Беларусь бірлесіп екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильм түсірді.


Соңғы жаңалықтар