+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Астаналықтар баланы мектепке дайындауға қанша ақша жұмсайды

2017 жылғы 18 тамыз 12:53
Бөлісіңіз:
Астаналықтар баланы мектепке дайындауға қанша ақша жұмсайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу жыл басталуына аз уақыт қалды. Мектеп киімдерінің саудасы қызып тұр. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі сауда базарлары мен таңдаулы бутиктерді аралап, мектеп формаларының бағасын біліп қайтты.

null null
Елорданың орталық базарында шамамен 19,5 мың теңге көлеміндегі қаражатқа баланы толық киіндіруге (аяқ-киім мен жейдені қосқанда) болады. Шалбары, пиджагы және жилеті бар костюм 15 мың теңге тұрады. Бірақ оның бағасын 12 мыңға дейін түсіруге болады. Сатушылардың айтуынша, киімдер Түркия, Қытай, Қырғызстанда тігілген. Бірақ шыққан жері мен матасы туралы қағаз барлық киімдерде бірдей бола бермейді.
null null null

Бұл ретте классикалық ақ жейде бағасы 1,5- 4 мың теңге шамасында, ал сапасы жақсыларын 3,5 мың теңге көлемінде алуға болады. Қыз балаларға арналған шалбар немесе белдемшені 4 мың теңгеге, жейдені 3 мыңға, пиджакты 6 мың теңге шамасында ала аласыз. Аяқ-киім бағасы 6 мыңнан 14 мың теңге дейінгі аралықта.
null null null

Сауда орталықтарының бутиктерінде сапасы жақсы мектеп киімдерін сәйкесінше 35 мың теңге шамасында сатып алуға болады. Әлемдік брэндтердің киімдері сатылатын дүкендерде мақтадан жасалған жалғыз ақ жейде бағасы 105 мың теңгеге дейін барады, орташа баға - 40 мың теңге.

null
null null null

Ұл балаға арналған мектеп формасының жиынтық бағасы - 275 мың, оған пиджак (119 мың теңге), шалбар (44,6 мың теңге), жейде (54,8 мың теңге) туфли (57 мың теңге) кіреді. Қыздарға арналған жиынтық бағасы - 257 мың теңге, онда пиджак (104,8 мың теңге), белдемше (49,4 мың теңге), жейде (43,4 мың теңге), туфли (60 мың теңге) бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Агенттік тілшісі бір баланы мектепке даярлауға қанша қаражат жұмсалатынын есептеп көрген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT