20:53, 06 Мамыр 2021 | GMT +6
Астаналықтар Ashyq жобасына қатысатын нысандардағы спорт жарыстарын тамашалай алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Ashyq жобасына қатысатын спорттық нысандарындағы шараларға көрермендердің кіруіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы Ashyq жобасына қатысатын нысандардың тізімін жаңартты.
1) фитнес-клубтар, йога орталықтары;
2) спа орталықтары;
3) сауналар, бассейндер;
4) компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
5) боулинг клубтары, орталықтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар және филармониялар;
8) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
9) облысаралық және қалааралық жүйелі емес (туристік) тасымалдар;
10) бильярд клубтары;
11) концерт залдары;
12) ерікті қатысушылар;
13) караоке;
14) банкет залдары;
15) көрмелер;
16) океанариум;
17) марафондар;
18) көрермендермен спорттық іс-шаралар.