Астаналық жол полициясы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

None
None
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы Жол полициясы басқармасы барлық жеке құраммен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті.

«Әрбір мемлекеттік қызметкердің мемлекет алдындағы маңызды парызы - мемлекеттік тілді меңгеру, мемлекеттік нышардарды құрметтеу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу болып табылады. Сонымен қатар, елге деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді арттырып, оны күнделікті жұмыс барысына пайдалануға дағдыландыру мақсатында елордалық Жол полициясы басқармасында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өту дәстүрге айналды», - делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тоқтала кететін жайт, елордада жол полициясына қызметке тұруға үміткерлерді іріктеп, жұмысқа қабылдауда және қызметкерлерді аттестациялау кезінде олардың мемлекеттік тілді білуіне қатаң талап қойылады. Олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға жағдай жасалған, қызмет бабында қолдану үшін жол полициясымен арнайы көмекші құралдар дайындалды, осыған байланысты күнделікті саптық құрылымдардың жеке құрамының нұсқаулықтары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қызметті атқару кезінде барлық жол сақшысы өзін тек қазақ тілінде таныстырып, жүргізушіге құжаттарды толтыру тілін таңдауға ұсыным жасайды,

Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың, жол-көлік оқиғаларының және басқа да іс құжаттарының мемлекеттік тілде сауатты әзірленуі және сотқа жіберілуі қамтамасыз етіліп, басшылықтың бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар