Астаналық жастар құрамы үнемі өзгеретін синтетикалық есірткі жасаған - полиция

None
АСТАНА ҚазАқпарат – Астанада синтетикалық есірткі жасаған 4 зертхана анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәстүрлі» есірткі заттарын көлеңкелі ошақтарда жасалатын синтетикалық есірткі түрлері ығыстырып келеді. Қалаларда синтетикалық есірткінің ағыны қатты. Аталған есірткі түрлерін тұтынуға студенттерді тарту белең алған. Жыл басынан бері Астана аумағында синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысқан 4 дәрілік зертхананың қызметі тоқтатылды. Бұл зертханаларды жастар ұйымдастырған. Прекусорлар мен психикалық белсендіретін заттарды араластыру арқылы синтетикалық есірткінің «дизайнерлік» деп аталатын түрін шығарып келген. Оның құрамы мен дайындау формуласы уақыт сайын өзгертіліп отырады», - деді департамент өкілі Есіл аудандық полиця басқармасында өткен брифингіде

Айтуынша, аталған зертханалардың қызметін жою кезінде 34 келі синтетикалық есірткі тәркіленген.

«Жалпы синтетикалық есірткі саудасы түгелдей интернет арқылы іске асады. Бір топ оның жарнамасына жауапты болады. Олар синтетикалық есірткінің қандай түрін қай орындардан алуға болатынын, бағасын жабық мессенджерлер арқылы жарнамалайды. Тағы бір топ есірткі әзірлеумен айналысады. Енді біреулер дайындалған есірткіні белгіленген орындарға жасырады. Сондай-ақ есірткі саудасынан түскен заңсыз ақшаны заңды айналымға шығаруға жауапты бухгалтерия бөлімі болады. Бұл 4 зертхананы да осындай ұйымдасқан топтар ашқан. Олардың үстінен қылмыстық кодщекстің 297-бабының 4-бөлігі бойынша қлымыстық іс қозғалды. Қазір ол сотта қаралып жатыр», - деді Сергей Ильиных.


Соңғы жаңалықтар