Астаналық зейнеткерлер Конституция күніне қаржылай көмек алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Конституция күніне орай ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратына сәйкес, жасы бойынша зейнетке шыққандарға (ең аз мөлшеріде зейнатақы  алушылардан басқа) да біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Бірақ ол Қарттар күні - 1 қазанға қарай беріледі.

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы  № 221/25-VI мәслихатының шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне» сәйкес, 30 тамыз (Қазақстан Республикасының Конституциясы күні) - ең төменгі мөлшерде зейнетақы алушыларға, 1 қазан (Қарттар күні) - жасы бойынша зейнетке шыққандарға (ең аз мөлшеріде зейнатақы  алушылардан басқа) біржолғы әлеуметтік көмек берілетіндігін мәлімдейді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқарма Астана қаласында келесідей екінші деңгейлі банктермен келісімшарттар жасалмағандығын атап өтті: Казкоммерцбанк, Метробанк, Центркредит банкі, ФортеБанк, Нұрбанк, Банк РБК, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

«Осыған  байланысты елордалық зейнетақы алушыларды біржолғы көмекпен қамтамасыз ету үшін Халық банкі, Цесна банкі, Қазпошта және Сбербанкта ашылған жеке шоттарды беруді сұраймыз», - деді басқармадан.

Толығырақ кеңес алу үшін, Астана қаласының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының мына мекен-жайларына хабарласуға болады: Достық көшесі 13, Байланыс телефондары: 55-68-22, 55-68-40, 55-68-45, 55-68-34.

 

Соңғы жаңалықтар