+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Астаналық талапкерлерге «кәсіби диагностика» қызметі ұсынылады

2021 жылғы 15 маусым 12:12
Бөлісіңіз:
Астаналық талапкерлерге «кәсіби диагностика» қызметі ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық талапкерлер кәсіби-техникалық мамандықты таңдамай тұрып «кәсіби диагностикадан» өте алады. Осы арқылы әрбір талапкер өзінің қандай мамандықа бейім екенін анықтай алады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Министрліктер үйіне кіруге тырысты: 6 бұзақыға айыппұл салынды Жыл басынан бері қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль еншіледі Биыл СҚО-ның 18 мектебіне оқушылар автобусы сатып алынды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова әкімдіктің баспасөз оратлығында айтты.

«Техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік мемлекеттік тапсырысты «Ақша студентпен бірге» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа тетігін әзірледі. Егер бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша бекітілген орындарға колледждерге қабылдау жүргізілсе, жаңа жүйе бойынша талапкерлер колледждер мен мамандықтарды өздері таңдайды. Яғни мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждерге нақты қабылдау қорытындыларына қарай орналастырылады», - деді Римма Иманғазинова.

Оның айтуынша, мұндай қағидат, мемлекеттік тапсырысты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етпек.

«Биыл алғаш рет барлық мектеп түлектеріне ақпараттық жүйе арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Нәтижесінде талапкерлер белгілі бір мамандық бойынша ұсыныс алады, мамандықтардың сипатымен танысады. Кәсіби диагностиканың қорытындылары мамандық таңдау кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - деді басқарма өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT