+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Астаналық спортшы қалыңдығына жарыс үстінде сөз салды

2018 жылғы 16 ақпан 14:30
Бөлісіңіз:
Астаналық спортшы қалыңдығына жарыс үстінде сөз салды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өрт сөндіру құтқару спортынан өткен қысқы чемпионаттың марапаттау салтанатында астаналық жігіт қалыңдығына сөз салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай оқиғаны ешкім күтпеген. Өрт сөндіру құтқару спортының қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтіп жатқан. Астана қаласының намысын қорғап келген Марат Саликов 300-ден астам спортшының алдында қалыңдығы Гаухар Қармановаға сөз салды.

«24 жастағы Марат аталмыш спорт түрінен Қазақстан құрама командасында да өнер көрсетеді. Ал Гаухар Алматы қаласының намысын қорғап келген. Ол да ұлттық құрама мүшесі. Жастар 2 жыл бұрын Астанадағы жиында танысыпты» - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«Ғашықтық қашықтыққа қарамайды екен. Оны өз басымыздан өткердік. Жарыстардың арқасында жиі кездесіп тұрдық. Ал еңбек демалысы кезінде бір-бірімізге қонаққа келіп жүрдік» - дейді Марат Саликов.

Жас жұбайлар үйленуге асықпайтындарын айтады. Тойды спорт маусымы аяқталған соң, күзге қарай жасамақшы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT