Астаналық прима-балерина Римдегі аспан асты амфитеатрында өнер көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Астана Опера» опеара және балет театрының әртісі, прима-балерина Әйгерім Бекетаева Италия астанасы Рим төріндегі аспан асты амфитеатрда 7 мың көрерменнің алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Италияда өнер көрсету жоспарда болған жоқ. Еңбек демалысымда өнер көрсету туралы ұсыныс келіп түсті де, бір-екі күннің ішінде Италияда болдым. Аяқ астынан болғандықтан ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасына шыққанымды өзім де түсінбей қалдым. Мен «Травиата» және «Аида» операсында билеуге шақырдым. Екі спектакль екі реттен сахналанды. Сахнаға шықпағалы біраз болды, жалпы әлемдік деңгейдегі сахнада өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Театр ішінде өнер көрсеткеннен ашық аспан астында қалың көрермен алдында билеген мүлдем бөлек. Әрине қобалжу болды, көрермендердің көңілінен шықты деп ойлаймын», - деді Әйгерім Бекетаева.

Римдегі аспан асты амфитеатры 13 500 адамға арналған. Пандемияға байланысты шектеу енгізіліп, жерлесіміз өнер көрсеткен қойылымда 7 мың көрермен болған.

«Ондағы ұжым өте тату, біз алғашқы күннен тіл табысып, достасып кеттік. Жұмыс барысында ешқандай кедергі болған жоқ. Қойылымда бишілерден бөлек, опера әншілері де өнер көрсетті. Италиялықтар үшін өнердің оның ішінде опера мен балеттің ерекше екені бәрімізге белгілі. Сол сияқты маған сахна костюмдері ерекше ұнады, мен өзімді ертегі кейіпкері сезіндім. Италияда өнер көрсеткен сәтті ұмытпаймын, оның үстіне туған күнімді де сол жақта қарсы алдым. Келгеннен соң әріптестеріммен алған әсерім мен тәжірибеммен бөлістім», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар