Астаналық полицейлер мейрамханалар алдында кезекшілік жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда полициясы бұзақылық жиі болатын көңіл көтеру орындары маңында кезекшілік атқара бастады. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Тахир Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз көңіл көтеру орындары, нақты айтқанда азаматтардан хабарлама көп түскен мейрамхана мен дәмханалардың маңында полиция кезекшілігін қоя бастадық. Бұл ешқандай тексеру емес. Полиция қызметкерлеріне қызметтік киіммен көңіл көтеру орнынан кіріп шығуға нұсқаулық бердік. Бұл адамдардың полиция қызметкерлерінің бар екендігін көруі үшін жасалады және ешкім қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада түнгі сағат 1-ден таңғы 6-ға дейінгі аралықта. «Хиты ХХ - века», «Ыстанбұл», «Қазақша дискотека», «Шымкент», «Чарли Чаплин», «Пункт П», «Золото», «EscoBar» сынды көңіл көтеру орындарында қылмыс жиі орын алады.

Соңғы жаңалықтар