Астаналық полицейлер kolesa.kz сайтында алаяқтарға алданғандарды іздестіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай облысының бір топ тұрғынын ұстады. Аталған топ бөгде адамдардың банк карталарын пайдалана отырып, интернет арқылы қылмыс жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер көліктің қосалқы бөлшектерін сатып алу мен жеткізу туралы жалған жарнаманы www.kolesa.kz сайтына жариялап, өздерінің байланыс нөмірлерін қалдырған. Жарнама бойынша хабарласқан адамдардан қосалқы бөлшектерді сатып алу бойынша тапсырыс қабылдаған. Өз қызметтері үшін төлемді алдын ала есепшоттарға аударған жағдайда, жақын күндері қажетті бөлшектер жеткізілетінін ескерткен. Бірақ күдіктілер ақша банктегі есепшотқа түскен соң телефондарын сөндіріп, күн сайын байланыс нөмірлерін ауыстырып отырған.

Қазіргі таңда аталған қылмыс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Астана қалалық ІІД kolesa.kz сайтындағы жалған жарнама бойынша Григорян Виктор, Мартынов Геннадий, Титов Сергей, Бейсен Темірлан есімді азаматтардың банктік есепшоттарына ақша аударып, автоқосалқыларға тапсырыс беруде алданған азаматтарды 8(7172) 716335, 716291, 716010, 87012396000 телефондары бойынша байланысуын сұрайды.

Полицейлер тұрғындарға интернетте тауарларға тапсырыс бергенде сақ болуын, тауарлардың жеткізілуі мен хабарландырудың растығына көз жеткізуін, тапсырыс берген тауардың фотосы мен видеосын сұрауын, яғни тауарды көрмей тұрып төлем жасамауын, сонымен қатар күдікті болып көрінсе тапсырыс жасамауын ескертеді.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Соңғы жаңалықтар