Астаналық полицейлер ғимараттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әйел ғимарат үстіне шығып секірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған.

Болған оқиғаға қатысты тексеру шарасы жүріп жатыр.

Айта кетсек, биыл ақпанда елорда полицейлері көпірден секірмек болған бойжеткенді аман алып қалған еді.

Еске сала кетсек, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша жер бетінде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне қол жұмсайды екен.

Ал Қазақстан суицид саны бойынша әлемде 20-орында тұр, соның ішінде 10-19 жастағы жасөспірімдер арасында 10-орынға тұрақтаған.


Соңғы жаңалықтар