+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Астаналық полицей толғатқан әйелге екінші рет көмектесті

2020 жылғы 5 сәуір 15:12
Бөлісіңіз:
Астаналық полицей толғатқан әйелге екінші рет көмектесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда полицейлері жүкті әйелдің перзенханаға дер кезінде жетуіне көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да энергетиктердің кінәсінен екі адам зардап шекті Ақтөбеде Кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан екі бала емделіп жатыр Пневмонияға шалдыққандардың барлығы ПТР тест тапсырды ма – Вице-министр жауабы

«4 сәуір күні 01.55 уақытында Қосшы постына Қабанбай батыр жақтан Audi маркалы көлік келеді. Оның ішінде босанғалы жатқан келіншек пен ата-анасы болған. Алаңдаған ата-ана қызының толғағы басталып, тез арада перзентханаға жету керек екенін айтқан», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Постта кезекшілікте тұрған аға лейтенант, жол-патрульдік полиция арнайы батальонының инспекторы Ерлан Исаев әйелдің полиция көлігіне ауысып отыруына көмектескен. Карантин режиміне байланысты қыздың ата-анасын «жақсы жаңалық күтіңіздер» деп үйіне жібереді.

«Ерлан Исаев басқа полицейлерге алдын ала хабарласып, толғатқан әйелді әкетіп бара жатқанын ескертіп, Рысқұлбеков көшесімен 10 минуттың ішінде перзентхана жеткізеді. Полиция қызметшісі жүкті әйелді дәрігерлердің қолына сәтті табыстаған. 24 жастағы тұрғын дер кезінде көмек көрсеткені үшін полицейлерге алғыс білдірді. Бұл әйелдің үшінші баласы», - деп толықтырды департаменттегілер.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, блокпосттар жұмысын бастаған сәттен бері полицейлер үшінші рет жүкті әйелді перзенханаға жеткізіп отыр. Бұның алдындағы оқиға да Ерлан Исаевтың кезекшілігіне тура келген. Полицей ол кезде жетінші баласын босанатын 37 жастағы әйелді жедел ауруханаға жеткізген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT