Астаналық пневматикалық қарумен «Олимпті» тонамақ болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық пневматикалық қарумен букмекерлік кеңсені тонамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Есіл аудандық №2 сотында «Олимп» букмекерлік кеңсесіне жарамсыз тапаншамен қарақшылық шабуыл жасаған азаматқа қатысты қылмыстық істі қараған.

Азамат А. газ баллонымен оқталмаған пневматикалық тапаншамен кассирді қорқытып, одан кассадағы ақшаны беруді талап еткен және есігін сындырмақ та болған. Осы уақытта кассир күзет қызметін шақырып, азамат А ойлаған мақсатын жүзеге асыра алмаған.

Сот үкімімен оның бас бостандығы 5 жылға шектелді. Сотталушының үстінен пробациялық бақылау белгіленіп, үкім заңды күшіне енген.

Соңғы жаңалықтар