Астаналық оқушылар жылжымалы жол зертханасының жұмысымен танысты

2023 жылғы 1 ақпан, 14:23
Астаналық оқушылар жылжымалы жол зертханасының жұмысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық оқушылар жылжымалы жол зертханасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында Астана қалалық Республикалық физика-математика мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті. Орталық қызметкерлері балаларға кәсіпорын бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырды.

photo

Оқушылар жол материалдарының сапасын анықтайтын сынақ зертханасына барды. Жылжымалы жол зертханасы балаларға ерекше әсер қалдырды. Жылжымалы зертхана ыңғайлы, өйткені ол сапаны бақылауда дәлдік пен жеделдікті қамтамасыз етеді, қалалық және далалық жағдайларда тез талдау жасауға мүмкіндік береді.

photo

«Ашық есік күні Сапа орталығы мен білім ошағы арасындағы меморандум аясында өтті. Ол балаларға жолдың жай-күйі қалай анықталатынын көрнекі түрде көрсетуді және болашақ мамандардың кәсіби бағдарлануына ықпал етуді мақсат етеді. Мүмкін олардың біреуі автожол мамандығын таңдайтын болар», - деп жазды ведомстводан..

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күнін өткізу Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы үшін дәстүрге айналуда.

photo


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar