Астаналық оқушылар ертең үйден оқиды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аязға байланысты Астаналық оқушылар ертең де қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады», - делінген қалалық Білім басқармасының ақпаратында.

Сәрсенбі күні тағы 5 өңірде білім беру онлайн форматқа ауыстырылатыны туралы жазған болатынбыз.

«Қазгидромет» РМК 11 қаңтарда бірнеше өңірде аяз көтерілетіні туралы ескерту жариялады. Жекелеген өңірде ауа температурасы 41 градусқа дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар