Астаналық оқушы түнгі үште компьютер клубында болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында оқушы бала түн жарымда компьютер клубынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордалық ювеналды полицейлер волонтерлермен бірге түнгі уақытта қоғамдық орындарға рейд жүргізуде. Олардың барысында заңды өкілдерінсіз жалғыз жүрген балалар анықталуда.

Мәселен, «Есіл» ауданының ювеналды полиция қызметкерлері түнгі сағат үш шамасында компьютер клубтарының бірінен 10 жасар баланы анықтаған.

«Бұл факті бойынша, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, компьютер клубының әкімшісі кәмелетке толмағанның түнгi уақытта компьютер клубында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-тармағына сәйкес, жауапкершілікке тартылды. Тыйым салынғанына қарамастан, жұмысын тоқтатпаған клуб иесіне қатысты материалдар аудан прокуратурасы мен әкімдігіне жіберілді», - деді қалалық Полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар