Астаналық оқушы Ақкөлдегі лагерде суға батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД таратқан хабарламаға қарағанда,  оқиға 9 шілдеде Ақкөл ауданындағы  «Арман» балалар лагері аумағында болған. Сол күні  Ақкөл аудандық ӨБ диспетчерінен аталмыш лагерь маңдағы, яғни, аудан орталығынан 8 шақырым жердегі су қоймасында 2003 жылғы жасөспірімнің суға батып кеткендігі туралы ақпарат түскен.

Кейін баланың денесі сол су қоймасынан табылды. Сондай-ақ, жасөспірімнің Астана қаласындағы мектепте оқитыны анықталып отыр.

"Қазіргі кезде баланың денесі мəйітханаға жіберілді. Сондай-ақ, соттық медициналық сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде", - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Соңғы жаңалықтар