Астаналық көпбалалы отбасылар үшін чат-бот ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі Telegram мессенджерінде көпбалалы отбасыларға арналған чат-ботты іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Енді мемлекеттік жәрдемақылар туралы нақты ақпарат алу үшін, әрбір жекелеген жағдайда көмек түрін анықтау үшін немесе жұмысқа орналасуға, қысқа мерзімді курстардан өтуге көмек керек болған жағдайда чат-ботта сауалнама толтыру қажет», - делінген баспасөз хабарламасында.

Келіп түскен деректерді CRM жүйесі жаңартып отыратын болады. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қысқа мерзімде өтініш білдірушіге хабарласады. Бір сөзбен айтқанда, сандық байланыс қолдануға ыңғайлы және уақытты үнемдейді.

Чат ботқа өтетін сілтеме: https://t.me/qoldaubot

Соңғы жаңалықтар