Астаналық кәсіпкерлер мүлік иелері бірлестіктері үстінен шағымданды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде орналасқан коммерциялық нысандардың иелері мүлік иелері бірлестіктерінің әрекеттеріне шағымдануда. Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында өткен жиында осы шағымдар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілерінен мүлік иелері бірлестіктерінің әрекеттеріне байланысты көптеген шағымдар келіп түсуде. МИБ – пәтер иелері кооперативтерінің орнына жаңадан құрылған жаңа институт. МИБ арқылы тұрғын үй иелеріне ғимаратты өздерінің басқаруына мүмкіндік берілді. Осы тұрғыдан үй иелері мен сол ғимараттан кәсіпкерлік нысанын ашқан азаматтардың арасында түсініспеушіліктер болып жатыр. Біз бұл мәселелер заңнамалық тұрғыдан реттелмеген және осыған байланысты қақтығыстар болып жатыр деп есептейміз. Көбінесе тұрғын үйге кіріктіріп салынған үй-жайлардың иелері үйді басқару органдарына, тексеру комиссиясына, үй кеңесіне алынбайды. Осылайша, олар өз мүдделерін қорғай алмайды немесе үйді басқару туралы өз идеяларын ұсына алмайды. Тұрғын үй иелерінің бүкіл дерлік шешімдері кіріктірілген үй-жай өкілдерінің пікірлерін ескерусіз қабылданады. Олардың бәрі кәсіпкерлер деуге болады. Әсіресе кәсіпкерлерге тарифті тым жоғары етіп белгілеу, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін шлагбаум орнату сияқты кедергілер жиі ұшырасады», - дейді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Шажанбаев.

Сондай-ақ ол тұрғын үй ғимаратынан кәсіпкерлік нысанын ашқан тұлғалар өз менгішігіне қандай дабірөзгерісенгізуүшін мүлік иелері бірлестігінен рұқсат сұрауы керек екенін айтады. Бұл да кәсіпкерлер үшін айтарлықтай кедергі көрінеді.

«Біз бұл заңда солай жазылғанын түсінеміз,ал үй иелері біздің проблемаларызды түсіне бермейді. Тұрғын үй қатынастары туралы заңды реформалау қажеттігі туралы ұстаным біздің алаңнан бірнеше рет айтылды. Коммерциялық тұрғын үй өкілдері, салалық қауымдастықтар коммерциялық кондоминиум институтын құру қажет деген бастаманы бірнеше рет көтерді. Бұл ұсыныстар қолдау тапса, тұрғын үйге кіріктірілген үй-жайлардың иелерінің мүдделері толығымен қамтылар еді. Ондай ережелер көптеген келіспеушілікті болдырмас еді. Бақылау-қадағалау органдарының, уәкілетті органдардың өкілдері қолданыстағы заңнаманы реформалаудың қажеті жоқ деп санайды. Бірақ тәжірибе олай емес екені көрсетіп тұр», - дейді кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Ол өз сөзіне мысал да келтірді.

«Мысалы, бизнес орталықтарын алыңыз. Мәселе мынада, олар өз қызметін объект ретінде жүзеге асырады. Бірақ бизнес орталықтары мен кіріктірілген кеңістіктерге қатысты ортақ кондоминиум туралы заң қажет. Бүгінде бір тұрғын үйкешеніне 9 кәсіпкер жүгінді. Бізге ай сайын екі-үш рет осындай шағымдар түседі. Біз уәкілетті органдарға жолдаймыз, бірақ тиісті нәтиже шығып жатқан жоқ», - деді Жеңіс Шажанбаев.

Сондай шағым түсірушілердің бірі –кәсіпкер Оксана Филиппова

«Біз тұрғындар тарапынан түсініспеушілікке тап келіп отырмыз. Сондай-ақ,бізге тым жоғраытарифтер белгіленеді. Заң бойынша біз тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иесімен бірдей құқықтарымыз бар. Яғни, біздің құқықтарымыз бұзылған. Қазіргі тариф бойынша бізтұрғын үйдіңтариф шығындарының шамамен 40% төлеуіміз керек. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен жүк. Біз тұрғындармен келісіміге келуге талпынсақ та, қарсы тараптан жауап жоқ. Сондықтан біз қазір тиісті инстанцияларға жүгініп бастадық. Тұрғындарға салсақ, тұрғын кіреберіс тораптарын, шұғыл істеуді қажет ететін ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарының бәрін біздің көтеріп алғанымызды қалайды», - деді кәсіпкер Оксана Филиппова.

Аталған шағымдарға «Айқамал» қауымдастығының президенті Гүлвира Әдетова пікір білдірді.

Оның пайымынша, мүлік иелері бірлестіктері мен кәсіпкерлер арасындағы қазіргі түсініспеушіліктер тиісті заңдарды өзгертуге негіз бола алмайды.

Алайда тұрғын үй қатынасын реттейтін заң аясындағы нормативтік актілерді қайта қарауға болады. Ол үшін кәсіпкерлер тұрғындарымен, яғни пәтерлердің иелерімен бір ымыраға келіп, мәселені өз бастамаларымен талқылауға шығаруы керек.


Соңғы жаңалықтар