Астаналық хаб арқылы Орталық Азия өңіріне ЭЫДҰ стандарттарын енгізу жалғасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттік қызмет саласындағы өзінің стандарттары мен принциптерін Астаналық хаб арқылы Орталық Азия өңіріне енгізуді жалғастырмақ ниетте. Бұл туралы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменовтің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттік басқару және аумақтық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Алтермен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парижде өткен кездесу барысында Рольф Альтер Астаналық өңірлік хабымен мемлекеттік қызметті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Бұдан бөлек, Рольф Алтер ЭЫДҰ стандарттары мен принциптерін Хаб платформасы арқылы таратудың алдағы бірлескен іс-шараларына да тоқталып өтті. Бұнымен қоса,  директор Астаналық хабтың зерттеуге бағытталған қызметін жоғары бағалап, соның ішінде Жаһандық және өңірлік трендтерге қатысты ауқымды зерттеу жұмыстарына ерекше тоқталды.

Өз кезегінде Әлихан Байменов өңірдегі мемлекеттер үшін мемлекеттік қызметті жетілдірудегі ЭЫДҰ-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұдан бөлек, ол Өңірлік хабтың жаңа зерттеулері, жарияланымдары мен бастамалары туралы да әңгімеледі. 

Кездесу барысында Альтер мырза халықаралық және өңірлік әріптестікті күшейтудегі Хабтың рөлін жоғары бағалады. Ол мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мақсатындағы тиімді ынтымақтастық одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Іс-сапар аясында Әлихан Байменов ЭЫДҰ Тиімді институттар платформасы (EIP) Хатшылығының басшысы Лиза Уильямспен де кездесті. Хатшылық жетекшісі «тең дәрежедегілер бір-бірімен» форматындағы қатысушы мемлекеттердің өзара тәжірибе алмасудағы Астаналық хабтың үлесін атап өтті.  Оның айтуынша, ЕІР Хаб аясындағы  практиктер альянсының жұмысты ілгерілету моделіне де қызығушылық танытады. Осыған орай, Хатшылық басшысы мемлекеттік қызметтегі этика, мемлекеттік сатып алулар мен ашықтық бағытында жаңа альянс құру туралы мәселе көтерді. Егер ондай альянс құрылса, оған ЕІР Консультативтік кеңесінің мүшелерін де жіберуге болатынын жеткізді.

Ал ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі басшылығымен жүздесу барысында Астаналық хабқа жемқорлықпен күрес мәселелері және активтерді декларациялау бойынша бірлескен іс-шаралар атқару ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар