Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 368.28 EUR 419.21
RUB 5.59 CNY 53.08
Jańalyqtar

Астаналық Головкиннің бірегей мүсінін жасады

2018 жылғы 15 қыркүйек 14:55 672
Бөлісіңіз:
 Астаналық Головкиннің бірегей мүсінін жасады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жанкүйерлері спортшының бірегей мүсінін жасап, оны Қарағандыдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Екінші орта салмақтағы ең үздік боксшы «GGG»-мен бокстасқысы келеді GGG бара алатын жалғыз қадам - Америкалық сарапшы

Астаналық Бауыржан Бақтыгереевтің мамандығы - эстрада әншісі. 2013 жылдан бері медиастудиямен айналысады. Хобби ретінде түрлі шығармашылық жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - танымал тұлғалардың мүсінін жасау.

«Біз мүсінші емеспіз, экспериментшіміз. Мен екі жыл бойы үйреніп, қалай жасайтынын қарап жүрдім. Тағдыр мені жақсы көзеші Асанов Борончиевпен кездестірді. Ол маған қолдау көрсетіп, осылайша екі айдың ішінде Головкиннің мүсінін жасадық. Жобаны маусымның басында таныстырдық. Бізге оралдық жас кәсіпкерлер қолдау көрсетті», - дейді Бауыржан Бақтыгереев.

Астаналық Головкиннің бірегей мүсінін жасады
Астаналық Головкиннің бірегей мүсінін жасады

Геннадий Головкиннің силиконды мүсінінің биіктігі 1,79. Дене бітімін де есепке алып жасаған.

Астаналық Головкиннің бірегей мүсінін жасады

«Головкиннің командасы жасалған мүсін туралы хабардар. Қарағандыда айқастың алдында сыйладық. Біз бұдан пайда табайық деген ой болған жоқ. Жәй ғана мүсін жасап, қолдау көрсеткіміз келді», - дейді жас жігіт.

Геннадий Головкин спорт кешенінің әкімшілігі мүсіншілерге Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғапты тарту етті.

Астаналық Головкиннің бірегей мүсінін жасады

Головкиннің мүсінін музейге, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің фойесіне орналастырылды. Ескерткішке спортшының 2004 жылы Олимпиада өнер көрсеткен бокс формасы кигізілген.


Астаналық Головкиннің бірегей мүсінін жасады



Фото: www.instagram.com/bbauka/

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT