+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Астаналық филармония оркестрі әуежайда өнер көрсетті

2020 жылғы 1 желтоқсан 14:40
Бөлісіңіз:
Астаналық филармония оркестрі әуежайда өнер көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі Тұңғыш Президент күніне және әуежайдың 89 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында өнер көрсетті. 1931 жылдың 1 желтоқсанында «Ақмола-Семей» рейсі орындалған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ұжым классикалық хиттерден бастап, қазақ фольклорына дейінгі мерекелік репертуар дайындаған.

«Тұңғыш Президент күні мен астана әуежайының 89 жылдығына орай жолаушыларымызға мерекелік, музыкалық көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік. Біздің әуежайдың Елбасы атымен аталуы да айрықша қуаныш сыйлайды. Симфониялық оркестр біздің идеямызды қуана қолдады және барлық эпидемиологиялық-санитарлық нормаларды сақтай отырып өнер көрсетті», - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан Түркістанға алғашқы рейс ұшады.

«Бүгін симфониялық оркестр ұжымы түрлі стильдер мен бағыттарда алуан түрлі бағдарлама ұсынады. Біз көрермендермен, тыңдаушылармен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Әрине, біз үшін бұл жаңа орын. Әдетте біздің ұжым залдарда өнер көрсетеді, бірақ біз өз тыңдаушыларымызбен Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында, әсіресе Тұңғыш Президент күні жүздескенімізге қуаныштымыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Берік Батырхан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT