19.09.2022 14:19 Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең Астана қаласында Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.09.2022 21:02 Ақтөбе облысында дәнді дақылдың тең жартысынан астамы жиналды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 370 мың гектарға жуық алқаптағы дәнді дақылдың тең жартысынан астамы жиналды. Орта есеппен әр гектарынан 15 центнерден бастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2022 11:48 Алматыдағы жаңа метро стансалары қашан іске қосылады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін екі метро станциясы – «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.01.2020 15:33 Елорда көшелерін қардан тазалауға қосымша техника жұмылдырылмақ НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боран салдарынан елорда көшелерін қардан тазарту үшін қосымша техниканы жұмылдыру қажеттігі бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2019 23:16 Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 40-орынға көтерілді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Интернеттің 100 мыңнан астам хосттан тұратын ұлттық сегменті пайдаланушылар үшін анағұрлым қауіпсіз бола түсті. Бұл туралы Астана экономикалық форумы аясында өткен Cyber & Digital Security-2019 конференциясында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 20:55 АЭФ: Әлихан Бөкейхан, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның мемлекеттік басқаруды ілгерілетудегі үлесі туралы айтылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 15-тен астам елінің мемлекеттік қызмет саласындағы құзырлы орган басшылары мен өкілдері, әйгілі халықаралық сарапшылар бас қосқан халықаралық жиында Әлихан Бөкейхан, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның мемлекеттік басқаруды ілгерілетудегі үлесі тілге тиек етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.05.2019 18:53 Халықтың әл-ауқаты экономика көрсеткіші болуы тиіс - Дәурен Абаев НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан өз азаматтарының әл-ауқатын көтеруге ниетті. Оның ішінде қатардағы орташа статистикалық қазақстандыққа баса мән беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 18:08 Әлем жылдам революция эволюциясына енді - АЭФ қорытындыланды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осымен 12-ші рет елорда төрінде өткен Астана халықаралық форумының мәртебесі жылдан жылға арта түскендігі анық байқалады. Оған дәлел ретінде әлемнің 74 елінен 5 мыңнан астам делегаттың қатысып, жер-жаһанға хабар тарату үшін 30 елден 700-ден астам журналистің келгенін айтсақ та жеткілікті сияқты. Сонымен биылғы жылы «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбымен өткен форумның кешегі күнге жалпы отырысына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейман ретінде арнайы қатысты. ҚазАқпарат тілшісі осынау алқалы жиында көтерілген өзекті мәселелерді тағы бір ой елегінен өткізеді.
17.05.2019 15:34 ХВҚ бас экономисі Еуразияның экономикалық дамуына болжам жасады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының бас экономисі Морис Обстфельд еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ахуалға қатысты болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 15:30 Цифрландыру баспана құрылысы құнын арзандатуға қалай ықпал етеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АЭФ-2019 аясындағы панельдік сессияда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев цифрландырудың еліміздегі басқа салаларға әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 15:27 Бақыт Сұлтанов Таллин мэрімен кездесті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана экономикалық форумына қатысуға келген Эстония астанасы Таллин қаласының мэрі Михаил Кылвартпен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.05.2019 15:27 Қазақстан Үкіметі экономиканы «жасылдандыруға» бизнесті тартуы қажет - сарапшы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі экономиканы «жасылдандыруға» бизнесті тартуы қажет. Мұндай пікірді ХІІ Астана экономикалық форумы аясында «Dena» компаниясының басқарушы директоры Кристина Хаверками білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 15:10 Қайырбек Өскенбаев 2019 жылдағы баспана құрылысының жоспары туралы айтты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АЭФ-2019 панельдік сессиясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысы бойынша жоспармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 14:59 Ресейлік сарапшы: АЭФ-тің басты назарында - өңірлік проблема НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің постиндустриалды қоғамды зерттеу орталығының директоры Владислав Иноземцев Астана экономикалық форумының неліктен маңызды екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 14:33 АЭФ: Елордада 9 млрд долларлық 45 келісімге қол қойылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Kazakhstan Global Investment Rountable» дөңгелек үстелінде құны 9 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 13:53 Ақтөбедегі әуежай қайта жөнделеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік АЕОН корпорациясы Ақтөбе қаласындағы әуежайды қайта жөндеуден өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 13:30 Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасын экологияландырудың катализаторына айналады - Айгүл Соловьева НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасын экологияландырудың катализаторына айналады. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 13:18 Орталық Азия климаттың өзгеруінен 500 млн доллар шығынға батады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық Азияда 2050 жылға қарай климаттың өзгеруінен келетін шығын 500 млн доллардан асып жығылады. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 13:10 Ресейлік компания Түркістанда 500 гектарлық жылыжай салады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жылыжай кешені арқылы ресейлік компания 10 мың жұмыс орынын ашпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2019 13:07 Қазақстанда венчурлық қаржыландыру АХҚО базасында дамытылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов елімізде венчурлық инвестициялар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші