Астаналық екі полицей суға кете жаздаған адамды құтқарғаны үшін марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев астаналық екі полицейді «Суға батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол-патрульдік полициясы полкінің плацында полиция аға лейтенанты Дәулет Әбуовті және полиция лейтенанты Руслан Бүркітбаевты салтанатты жағдайда марапаттады.

«Оқиға 26 наурызда болған. Есіл өзенінде суға батып бара жатқан ер адам туралы ақпаратты «Талас 201» патрульдері қабылдаған. 5 минут өткеннен кейін полицейлер оқиға орнына келген. Полицейлер ТЖК қызметкерлерімен бірге құтқару шараларын жүргізіп, мұздай судан ер адамды алып шыққан.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа аман қалған ер адамның қызы полицейлерге алғыс білдірген хаты келіп түсті», делінген хабарламада.

Айнұр Иманәлиева ІІМ басшылығына жазған хатында туысқандары мен жақындарының атынан оның әкесін құтқару кезінде батылдық көрсеткен полицейлерді марапаттауды сұраған. Марат Иманалиев пен оның қызы елордалық Жол-патрульдік полициясы полкіне келіп, өмірін сақтап қалғаны үшін полицейлерге шын жүректен ризашылық білдірді. Полицейлердің батыл және кәсіби әрекеттерінің арқасында ол өзінің аман қалғанын айтты.
null

Полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев полицейлерге медальды табыстай отырып, адам өмірін құтқарып қалу кезінде батылдық танытқандары үшін оларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта өз қызметтік борышын адал орындауға шақырды.

null

Еске сала кетсек, Алматы облысында өртенген үйден екі адамды құтқарған полицейлер ҚР ІІМ ТЖК төрағасының алғыс хатымен марапатталған болатын.

Соңғы жаңалықтар