Астаналық дәрігерлер спорт челленджіне қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада медицина саласының қызметкерлері «Жұлдызды жүгіру» спорт челленджіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - тұрғындарды дене шынықтыру және ашық аспан астында спортпен айналысуға шақыру.null

«Жүгіру - мегаполис тұрғындары үшін денені шынықтырудың ең қолжетімді әрі танымал тәсілдерінің бірі. Әркімнің денсаулығы - өз қолында, оны сақтау қажет. Астаналықтар арасында салауатты өмір салтына деген бетбұрыс қуантады», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Дамир Көпжасаров.null

Шараға бодибилдингтен Қазақстан чемпионатының қола медаль иегері, Орталық Азия чемпионатында үздіктер бестігіне кірген бодибилдер әрі пауэрлифтингтен Нұр-Сұлтан қаласының алтын жүлдегері Әзиза Талпақова қатысты. «Qazaq Batyry» жеке күрестер академиясының кәсіби бапкерлері жаттығулар өткізді.null

«Бүгінгі жаттығуға балалардың көптеп қатысқаны қуантады. Өйткені салауатты өмір салтының негізі бала күнде қаланады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Ол челленджді кәсіби мерекесін тойлап отырған Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаментіне тапсырды.

Шара Жастар жылы аясында өткізілді.null

Оны ұйымдастыруға Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті және қала әкімдігінің «Астана жастары» ресурс орталығы атсалысты.

null

Автор: Ақбота Күзекбай

Соңғы жаңалықтар