Астаналық дәрігерлер менингококк инфекциясын жұқтырған баланың денсаулығы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Балалардың жұқпалы аурулар ауруханасына менингит белгілерімен түскен бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Бала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінен аурухананың профильді бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы жақсарды. Температура, құсу - қазір жоқ. Есін біледі. Белсенді. Қазіргі жағдайы орташа дәрежеде», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Астанада 3 жасар бала менингит белгілерімен ауруханаға түскен болатын.

Кейін дәрігерлер ол баланың ұзақ уақыт Алматыда болғанын хабарлаған еді. 

Соңғы жаңалықтар