Астаналық дәрігерлер Красногорск селолық округі әкімінің «ұйқы аруына» шалдықпағанын анықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астаналық дәрігерлер Ақмола облысындағы Красногорск селолық округі әкімінің "ұйқы аруына" шалдықпағанын анықтады.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап, облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, қаңтардың 10-ы күні Красногорск селолық округінің әкімі Әсел Сәдуақасова «ұйқы ауруына» шалдықты деген күдікпен Есіл аудандық ауруханасына жатқызылған болатын. Кейін жергілікті дәрігерлер науқастың диагнозын анықтай алмай санавиациямен Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына жіберілген еді. Қазіргі кезде, астаналық дәрігерлер Әсел Сәдуақасованың денсаулығы қанағаттанарлық, жүргізілген кешенді медициналық тексерудің нәтижесіне сай оның бойынан «ұйқы аурына» тән «белгісіз генезді энцефалопатия» диагнозының анықталмағанын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар